Enrollee 2022

Талапкер 2022

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ

талапкерлерді оқуға шақырады

 

«БОЛАШАҚ» университеті 2022-2023 оқу жылына күндізгі және  күндізгі-қысқартылған оқыту бөлімдеріне төмендегі бакалавриат мамандықтары бойынша ақылы негізде оқуға түсу үшін талапкерлерден құжаттар қабылдайтынын хабарлайды.

«Болашақ» университеті – Сыр өңіріне ғана емес, елімізге жоғарғы дәрежелі мамандар даярлаудағы мол тәжірибесі бар, мемлекеттік аттестаттаудан, институционалдық аккредитациядан өткен және 27 жылдық тарихи дамуды еңсерген сапалы білім беретін жоғары оқу орны.

«Болашақ» университеті – мерзімі шектелмеген лицензиясы бар (№0137438 Серия АБ), «Іскерлік тәжірибенің жоғарғы сапасы үшін» Алтын медалінің (Швейцария), «Халықаралық ғаламдық сапаны дамыту» Алтын сертификатының және «Мінсіз іскерлік беделі үшін» бағдарламасының Алтын медалінің (Швейцария) иегері.

 

БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫ

2022-2023 оқу жылына/ на 2022-2023 учебный год/ forthe 2022-2023academicyear

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Білім беру бағдарламасының коды

Білім беру бағдарламасының атауы

1-ші таңдау пәні

2-ші таңдау пәні

6B011 Педагогика және  психология

В001 Педагогика және  психология

6В01101

 

Педогоика және психология

Биология

География

6В01102

Экономикалық психология

Биология

География

6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6В01201

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Биология

География

6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

В003 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

6В01303

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Биология

География

6В014  Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

В004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

6В01403

 

 

 

 

Бастапқы әскери дайындық

 

Шығармашылық емтихан

 

Шығармашылық емтихан

В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

6В01404

 

Дене шынықтыру және спорт

 

Шығармашылық емтихан

 

Шығармашылық емтихан

В006 Музыка мұғалімдерін даярлау

6В01405

 

Музыкалық білім

 

Шығармашылық емтихан

 

Шығармашылық емтихан

В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

6В01401

Кәсіптік оқыту

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В008 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

6В01402

Құқық және экономика негіздері

Дүниежүзілік тарих

География

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

В009 Математика мұғалімдерін даярлау

6В01503

Математика

Математика

Физика

В011 Информатика мұғалімдерін даярлау

6В01504

Информатика

Математика

Физика/Информатика

В013 Биология мұғалімдерін даярлау

6В01501

Биология

Биология

Химия

В014 География мұғалімдерін даярлау

6В01502

География

География

Дүниежүзілік тарих

6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау

В015 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау

6В01601

Тарих

Дүниежүзілік тарих

География

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

6В01701

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

6В01702

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі  мен әдебиеті

Орыс тілі

Орыс әдебиеті

В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

6В01703

Шетел тілі: екі шетел тілі

Шетел тілі

Дүниежүзілік тарих

6В019 Арнайы педагогика мамандарын даярлау

В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау

6В01901

Дефектология

Биология

География

6B01902

Логопедия

Биология

География

6B021 Өнер

В028 Хореография

6B02101

Хореография

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В031 Сән, дизайн

6B02102

Дизайн

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

6B023 Тілдер және әдебиет

В036 Аударма ісі

6B02301

Аударма ісі

Шетел тілі

Дүниежүзілік тарих

6В032 Журналистика және ақпарат

В042 Журналистика және репортер ісі

6B03201

 

Журналистика

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

6B03202

Медиа-журналистика

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

6B041  Бизнес және басқару

В044 Менеджмент және басқару

6B04105

Менеджмент

Математика

Георграфия

6B04102

Экономика

Математика

Георграфия

6B04104

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Математика

Георграфия

6B041 Бизнес және басқару 

 

В045 Аудит және салық салу

6B04101

Есеп және аудит

Математика

Георграфия

В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

6B04103

Қаржы

Математика

Георграфия

6B04107

Халықаралық қаржы-несиелік қатынастар

Математика

Георграфия

6B042  Құқық

В049 Құқық

6B04201

Құқықтану

Дүниежүзілік тарих

Құқық негіздері

6B04202

Кеден ісі

Дүниежүзілік тарих

Құқық негіздері

6B04203

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзілік тарих

Құқық негіздері

6B052  Қоршаған орта

В051 Қоршаған орта

6B05201

Экология

Биология

География

6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

В057 Ақпараттық технологиялар

6B06103

Информатика

Математика

Физика / Информатика

6B06102

Ақпараттық жүйелер

Математика

Физика / Информатика

6B06101

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Математика

Физика / Информатика

6B06106

Электрондық коммерция

Математика

Физика / Информатика

6В071 Инженерия және инженерлік іс

В060 Химиялық инженерия және процестер

6B07101

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Химия

Физика

 

В062 Электр техникасы және энергетика

6B07102

Электр энергетикасы

Математика

Физика

6В072 Өндірістік және өндіру салалары

В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбалар өндіру

6B07202

 

Мұнай-газ ісі

Математика

Физика

6В073 Сәулет және құрылыс

В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

6B07301

Құрылыс

Математика

Физика

6B07302 

Құрылыстағы IT 

Математика

Физика

6B075 Стандартттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

В076 Стандартттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

6B07501

Стандарттау және сертификаттау (салалары бойынша)

    Математика  

Физика

 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ - МАГИСТРАТУРАДА ДАЯРЛАУ БАҒЫТТАРЫ

 

7M01 Педагогикалық ғылымдар

7M011

Педагогика және психология

7M01101

Педагогика және психология (2 жылдық)

7M01102

Педагогика және психология (1 жылдық)

7M013

Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау

7M01301

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (2 жылдық)

7M01302

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (1 жылдық)

7M016

Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтар даярлау

7M01601

Тарих  (2 жылдық)

7M01602

Тарих (1 жылдық)

7M017

Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау

7M01701

Қазақ тілі мен әдебиеті (2 жылдық)

7M01702

Қазақ тілі мен әдебиеті(1 жылдық)

7M04 Бизнес, басқару және құқық/

 

7M041

Бизнес және басқару

7M04101

Экономика (2 жылдық)

7M04102

Экономика (1 жылдық)

7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика/

7M052

Қоршаған орта

7M05201

Экология (2 жылдық)

          

Университетке оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекiтiлген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

2022 жылы оқуға түсушілер үшін ҰБТ жаңа электронды форматта өтеді. ҰБТ-ға тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының (https://app.testcenter.kz/) сайтында жүзеге асырылады. Тіркелу барысында тестілеу күні мен уақыты бірден белгілі болады.

Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін 15.04-30.06.2022 аралығында ҰБТ-ны 2 рет тапсыруға болады. Өтініш беруші ең жақсы нәтижесін конкурсқа жібере алады.

Ескерту: тестке бір күнде 2 рет қатыса алмайсыз! Егер үміткер ҰБТ-ны сәуір айында тапсырған болса, онда ол оны бірнеше күнде немесе мамыр, маусымда қайта тапсыра алады. Дайындық үшін қысқа уақытқа үзіліс жасауға болады.

Ақылы негізде оқуға түсу үшін тестілеу наурыз айында өтеді.

Пәндердің саны – 3 міндетті пән, 2 пәні таңдау болып табылады. Тестілеу уақытында үміткер тестілеу аяқталғанға дейін, алдыңғы сұраққа қайта оралып, жауабын өзгерте алады. Аяқтау мәзірін басқаннан кейін, тест нәтижесе экранда бірден көрсетіледі. Үміткер алған нәтижеге қанағаттанбаған жағдайда, аппеляцияны бірден, электронды түрде бере алады.

Ең жоғарғы, максималды балл – 140 балл, тестілеу уақыты  - 240 минут.

Маңызды! Егер ҰБТ тапсыру уақытында үміткерден,  ұялы телефон немесе шпаргалка қолданғаны байқалса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады.

Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларына өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихандар 8-13 шілде аралығында өтеді.

Педагогика ғылымдарының білім беру бағдарламасы бойынша арнайы емтихандарды тапсыруға өтініштер 20.06 – 24.08 аралығында қабылданады;

Ескерту: жоғарыда көрсетілген күндер өзгертілуі мүмкін! Барлық өзгерістер туралы университеттің  әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан   - Instagram@ bolashak_edu және қабылдау комиссиясынан біле аласыздар!

Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар (колледж бітірушілер) университетке қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы ағымдағы жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында жүзеге асырады.

Жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы ағымдағы жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау университеттің қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе  орыс тіліндегі нотариалдық куәландырылған аудармасы болуы тиіс. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялар рәсімінен өтеді.

Магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер 10 маусымнан 15 шілдеге дейін қабылданады, кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізіледі. Қабылдау 25 тамызға дейін.

 

Сонымен қатар, педагогикалық, техникалық, қызмет көрсету, өнер және гуманитарлық мамандықтары бойынша университет колледжінде 32 және «Болашақ» медициналық колледжінде 6 медициналық мамандықтар бойынша мамандар даярланады. 

 «БОЛАШАҚҚА» ҚАДАМ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК, БАЯНДЫ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАМАСЫ.

 

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:

120000, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы, ғимарат № 115, тел.: 8/7242/23-45-15, 8 747 533 63 02

http://www.bolashak-edu.kz, E-mail: bolashak_5@mail.ru

Маршруттар: 1, 3, 18, 24

Аялдама:  Қызылорда «БОЛАШАҚ» университеті.