«AI-SANA» – БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСЫ
Енгізілді: 30.10.2025Қаралғаны: 12 рет
«AI-SANA» – БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСЫ
Кеше Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “AI-Sana” жасанды интеллект көшбасшыларын марапаттау рәсімі өтті. Бұл шарада білім мен технологияның тоғысқан сәтіне куә болдық.
Іс-шара барысында жасанды интеллект саласындағы үздік студенттік, университеттік және әлеуметтік жобалар марапатталып, жаңа идеялар мен серпінді бастамаларға жол ашылды.
Бұл маңызды жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Дүниежүзілік банк, Coursera платформасы және отандық IT-компаниялардың қатысуымен өтті.
“AI-Sana” жобасы — инновациялық экожүйені дамытудың және жас ғалымдардың әлеуетін арттырудың нақты көрінісі.
"Болашақ" университеті осындай бастамаларды әрқашан қолдай отырып, білім мен технологияның интеграциясы арқылы еліміздің жас буынының ғылыми және цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуге үлес қоса береді.
Қазақша
Русский
English














