Университет мақсаттары мен міндеттері

      Университеттің мақсаты:

   - білім, ғылым, өндіріс интеграциясы қалыптасқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық және интеллектуалды капиталын дамытуға белсенді үлес қосатын бірыңғай ғылыми - білім беру кешені ретіндегі инновациялық университет болу;

   - республика мен аймақтағы жоғары білікті мамандарға сұранысты қанағаттандыру;

   - білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды ауқымды ендіру, ғылыми зерттеу және оқу үдерісін біріктіруді күшейту жолдары арқылы мамандарды даярлау сапасын арттыру;

    - халықаралық білім кеңістігіне ену.

 

      Университеттің міндеттері:

     - білім беру қызметі нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында озық идеяларды жүзеге асырушы мамандар даярлаудың бірыңғай ғылыми-білім беру кешені болып табылатын көпсалалы жоғары оқу орнын «Болашақ» университетінің базасында құру;

    - аймақтың және республиканың білім беру кеңістігінде ЖОО-ның бірігуі мен аймақтың әлеуметтік-мәдени және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын қамтамасыз  ететін университеттің инновациялық  моделін жүзеге асыру;

    - түлектердің инновациялық-құзыреттілік дайындығы мен  студенттердің академиялық ұтқырлығын  қамтамасыз ету үшін кредиттік оқыту технологиясы мен  тілдік даярлығын  дамыту және жетілдіру;

    - білім беру бағдарламаларының отандық еңбек нарығы талаптары мен  үздік  шетелдік аналогтарымен  және үйлесімділігі арқылы бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысқа сәйкес келуін, университет дипломдарының халықаралық деңгейде мойындалуын қамтамасыз ету;

    - профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар  даярлау, іріктеу және тағайындау жүйесін жетілдіру, олардың біліктілігін, экономикалық және қоғамдық мәртебесін арттыру;

    - фундаменталды және қолданбалы зерттеулер жүргізу, ғылым мен білім беру  үрдісімен нақты байланысын қамтамасыз ету;

    - жоғары білім, ЖОО-дан кейінгі даярлау саласында, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің тәжірибе алмасуында отандық және шетелдік үздік университеттерде профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми  зерттеулер жүргізу, стратегиялық менеджмент саласындағы тәжірибелер трансферті.

    - университеттің білім беру қызметі мен ресурстық қамтамасыз етілуін  дамыту.