Хабарландыру

 

Қала зейнеткерлерін Қызылорда  «Болашақ» университетінде «Күміс университет» жобасы аясында ұйымдастырылған курстарға қатысуға шақырамыз!

Жобаның басты мақсаты–егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.

 

«Күміс университет» өз жұмысын бірнеше бағытта жүзеге асырады.


«Жасыл желек» курсы аясында университет биологтары тыңдаушыларды аулаішілік өсімдіктер мен бақшалық дақылдарды егудің, оларды күтіп-баптаудың қыр-сырына қанықтырса, «Компьютерлік сауаттылық» курсы барысында олар компьютер және смартфондармен жұмыс жасауды, интернет желісіндегі қауіпсіздікті сақтауды меңгереді.

Ал, қаржылық жағдайды дұрыс талдау, отбасылық бюджетті сауатты  жоспарлау, қаржылық мақсат қойып, оған жету жолдарын үйрену  «Қаржылық сауаттылық» курсында қарастырылады.

«Қазыналы қария»  курсы  аясында  Сыр бойынан шыққан би-батырлар өмірінен құнды деректер ұсынылып, ақсақалдарға аймағымыздың тарихын, қазақы әңгіме айту дәстүрін меңгерту қолға алынады.

 

Барлық курстар қатысушылар үшін тегін.

 

Толығырақ  ақпарат алу үшін бағдарлама үйлестірушісіне хабарласуға болады.

     

 Курс үйлестірушісі: Ә.Қ. Мырзанова, байланыс тел.: 8/701-414-10-46

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Қызылорда «Болашақ» университетінің студенттерінің мемлекеттік грант иегерлері Сіздерді  «3 жылдық мемлекеттік грантты өтеу» тақырыбында АҚ «Қаржыорталығымен» ұйымдастырылған видеоконференцияға қатысуға шақырады.

Өтетін күні мен уақыты: 19 сәуір 2022 ж., сағат 11:00 (Қызылорда уақытымен)

(Zoom) https://us04web.zoom.us/j/3348568342?pwd=VkRpbG12VGtEVFFMbkIrQ3RNem1XUT09

Конференция идентификаторы: 3348568342

Кіру коды: 354122

Қосымша ақпарат алу үшін:bolashak_5@mail.ru  жазыңыз

Ізгітілектермен,

Қызылорда«Болашақ»университеті

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қызылорда Болашақ университеті Ғылыми қызметкерлер күніне орай ««STEAM» білім беру жағдайындағы ғылымның дамуы» тақырыбында республикалық әдістемелік дөңгелек үстелгеқатысуға шақырады.

Өтетін күні мен уақыты: 12 сәуір 2022 ж., сағат 15.00 (Астана уақытымен)

(Zoom) https://us02web.zoom.us/j/81472446680?pwd=N3JtU21GbE5LbDdjcTdoRVhBcTA0dz09

Конференции идентификаторы: 814 7244 6680  Кіру коды: 987013

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (705) 5305824; 8 (7242) 234515, немесе е-mail:aiman_1969@mail.ru; bolashak_5@mail.ru  жазыңыз

Ізгітілектермен,

Қызылорда«Болашақ»университеті

 

 

 

ХАБАРЛАМА!

 

 

 

Қызылорда «Болашақ» университеті ___________ оқу тобының студенті __________________________________________________________

 

 

 

Сізге өтемді білім беру қызметін ақылы негізде оқыту шартының 2.11 пункіті негізінде университетпен байланыс үзгеніңіз, ішкі тәртіп ережелері мен оқу тәртібін бұзғаныңыз үшін оқудан шығарылатыныңызды хабарлаймыз. Онда күндізгі оқу формасы бойынша студент үшін бір академиялық кезеңде 72 сағаттан артық сабаққа дәлелсіз қатыспаса (оның ішінде 24 сағаттан артық – ескерту; 36 сағаттан артық – сөгіс; 48 сағаттан артық – қатаң сөгіс берілген жағдайда), оқудан шығарылатыны жазылған.

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Болашақ» университетінің студенттері!

2021 жылдың 13.12.2021ж- 31.12.2021ж аралығында қысқы сессия өткізілетіндігін хабарлайды!

 

Құрметті «Болашақ» университетінің студенттері!

2021 жылдың 29 қараша мен 04 желтоқсан  күндері аралығында 2-ші аралық бақылау өткізілетіндігін хабарлайды!