Талапкерлер назарына

 

Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлер назарына!

 

     «Болашақ» университеті жоғары білім бағыттары бойынша талапкерлерден ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үшін құжаттар қабылдайды.

Жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдерінің өзгеруіне байланысты жоғары оқу орындарына облыс әкімінің гранты негізінде немесе ақылы негізде оқуға түсем деген орта білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы бітірушілерден, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы және өткен жылдардағы бітірушілерден ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау тек үстіміздегі жылы 1 сәуірі мен 10 мамыры аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.

 

Қабылдау  комиссиясының мекен-жайы: N01H2E4,  Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, №31А. Тел. 23-45-15

Маршруттар: №3, №5, №10, №11, №12, №15, №20, №21, №22, №31

Аялдама: «Болашақ» университеті