Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕФЕКТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Ғылыми орталық құрылғаны туралы қысқаша мәлімет: әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы 2021 жылдың 18 қаңтарында қайта құрылды (Бұйрық 1-Б).
Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі – әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы Маржан Дүйсенбекқызы Қасымбекова.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауы, Ғимарат №111, А 902 кабинет.
Байланыс телефоны: 8 (7242) 30-84-47.
E-mail: marjan_kasymbekova@mail.ru
Ғылыми орталықтың негізгі мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерін шешу бойынша ұжымның ғылыми әлеуетін тұрақты түрде дамыту және толықтай пайдалану.
Ғылыми орталықтың міндеттері:
- орталық дамуы бойынша жүргізілетін жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ету;
- институт директоры үшін есеп беру құжаттамалары мен ағымдағы жедел ақпараттарды әзірлеу;
- орталықтың жылдық жоспарларын әзірлеу;
- орталықтың тақырыптық жоспарында көрсетілген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Ғылыми орталық қызметінің негізгі бағыттары:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранттық конкурстарына қатысу;
- атқарылатын жұмыстар бойынша ғылыми, шығармашылық, білім беру мекемелерімен байланыс орнату;
- семинар, дөңгелек үстел және өзге де іс-шаралар өткізу жұмыстарына қатысу;
- орталықтың бағыттары бойынша кеңес берушілік, ақпараттық қызметтерді жүзеге асыру.
Ғылыми орталық мүшелерінің тізімі:
Қасымбекова Маржан Дүйсенбекқызы - орталық жетекшісі, әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы;
Боранбаев Әбді Сейілұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Жәнібекова Сара Серікқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Тулепбергенова Ардақ Үсенғазықызы – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;
Рысқұлова Айгерім Әскербекқызы – әлеуметтік ғылымдар магистрі, оқытушы;
Балмаханова Сандуғаш Зиядинқызы - педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы;
Серікбаева Анель Қуанышбайқызы - педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы;
Нұрхашова Айнұр Болатқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы.
Ғылыми орталық жобалары (университетішілік):
ЖОО-дағы білім беру және тәрбие жұмыстарының психологиялық мәселелері (2020-22 жылдарға арналған, жоба жетекшісі:әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушыМаржан Дүйсенбекқызы Қасымбекова);
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары (2020-22 жылдарға арналған, жоба жетекшісі:әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушыМаржан Дүйсенбекқызы Қасымбекова).