Кітапхана туралы
Қызылорда «Болашақ» университетінің кітапханасы миллионға жуық кітап қоры, электронды ресурстары, жаңа технология және ақпараттық жүйелермен, соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген бөлім. Кітапханада 150 орындық 1 оқу залы, 1 абонемент, 1 электронды зал, 20 орындық Коворкинг орталығы қызмет көрсетеді. Кітапхана «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапхананың ақпараттық жүйесі) бағдарламасымен жұмыс жүргізеді. Кітапханада Springer, Elsevier компаниясының Scopus, отандық электронды кітапханалар РМЭБ (Республикалық жоғары оқу орындары аралық кітапхана) және электронды-кітапхана жүйелері «Лань», мен КазНЭБ (Қазақ ұлттық электронды кітапхана) деректер базаларын т.б. пайдалануға мүмкіндік жасалған.