«Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығы

«КІШІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ» ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

Ғылыми орталық құрылғаны туралы қысқаша мәлімет: «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық орталығы 2021 жылдың 18 қаңтарында қайта құрылды (Бұйрық 1-Б).

Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Айгүл Дүйсенғалиқызы Есқараева.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауы, Ғимарат №111, А 1001 кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7242) 30-84-47.

E-mail: aigul_eskaraeva@mail.ru

 

Ғылыми орталықтың негізгі мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерін шешу бойынша ұжымның ғылыми әлеуетін тұрақты түрде дамыту және толықтай пайдалану.

 

Ғылыми орталықтың міндеттері:

-   орталық дамуы бойынша жүргізілетін жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ету;

-  институт директоры үшін есеп беру құжаттамалары мен ағымдағы жедел ақпараттарды әзірлеу;

-  орталықтың жылдық жоспарларын әзірлеу;

-  орталықтың тақырыптық жоспарында көрсетілген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

 

Ғылыми орталық қызметінің негізгі бағыттары:

-     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранттық конкурстарына қатысу;

-     атқарылатын жұмыстар бойынша ғылыми, шығармашылық, білім беру мекемелерімен байланыс орнату;

-     семинар, дөңгелек үстел және өзге де іс-шаралар өткізу жұмыстарына қатысу;

-     орталықтың бағыттары бойынша кеңес берушілік, ақпараттық қызметтерді жүзеге асыру.

 

Ғылыми орталық мүшелерінің тізімі:

Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы – орталық жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;

Кыдырбаева Күләш - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;

Серікбаев Ғабит Өмірзақұлы - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;

Қойшыбаев Мақат – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;

Есенова Роза - педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;

Садуахасова Гаухар Жеңісқызы – академиялық доцент;

Түнғатова Нұргүл Әмірханқызы –  педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;

Алматова Шырынкүл - аға оқытушы;

Қосбармақова Дәмелі - аға оқытушы;

Смагулова Айнур – аға оқытушы;

Мурзабаева Гулбану Елеубаевна – аға оқытушы.

 

Ғылыми орталық жобалары (университетішілік):

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сабақ барысында және сабақтан тыс іс-әрекет арқылы дамыту (2020-22 жылдарға арналған, жоба жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушыАйгүл Дүйсенғалиқызы Есқараева);

Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері (2020-22 жылдарға арналған, жоба жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушыАйгүл Дүйсенғалиқызы Есқараева).