Магистратура

МАГИСТРАТУРА

 

Магистратура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Қызылорда «Болашақ»университеті магистратураның 9 білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады.

Университетке түсу процесі «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелерімен» регламенттеледі. 

Университет мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетеді.

1. Магистратура – тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі. Магистр–магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже.

Магистратурада кадрлар даярлау ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша (оқу мерзімі 2 жыл) жүзеге асырылады.

Ғылыми және педагогикалық магистратура терең ғылыми-педагогикалық дайындыққа ие жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми сала жүйесі үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.

Алдыңғы білім деңгейі: магистранттың магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру үшін қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы негізде меңгеруге рұқсат етіледі. Магистрант пререквизиттерді толық игергеннен кейін магистратурада оқуын бастайды.
Магистратурада оқу тек күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.

Магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысын жүзеге асыру шеңберінде міндетті түрде отандық, не шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.

Магистратура түлектерінің іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруі, ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында құзыретті болуы, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді қалыптастыра және шеше білуі, жоғары оқу орындарында оқыта білуі, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруы тиіс.

 

Қызылорда «Болашақ» университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура) бойынша даярлау

бағыттары мен білім беру бағдарламалары

(ғылыми-педагогикалық бағыт)

 

Білім беру саласының атауы

Шифры

ББ атауы

Ашылған жылы

Берілетін дәреже

7М01 Педагогикалық ғылымдар

7М011 Педагогика және психология

7М01101

Педагогика және психология

2010жылы

7М01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасы  бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

7М013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау

7М01301

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

2005жылы

7М01301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы  бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

7М016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтар даярлау

7М01601

Тарих

2007жылы

7М01601-Тарих

білім беру бағдарламасы  бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

7М017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау

7М01701

Қазақ тілі мен әдебиеті

2009 жылы

7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті

білім беру бағдарламасы  бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

7М01703

Шетел тілі: екі шетел тілі

2024 жылы

7М01703-Шетел тілі: екі шетел тілі

білім беру бағдарламасы  бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

7М01705

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

2024жылы

7М01703-Шетел тілі: екі шетел тілі

білім беру бағдарламасы  бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

7М04 Бизнес, басқару және құқық

7М41 Бизнес және басқару

7М04101

Экономика

2006жылы

7М04101-Экономика білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі

7М04103

Есеп және аудит

2024жылы

7М04103-Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі

7М04104

Мемлекеттік және жергілікті басқару

2024жылы

7М04104-Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі

 

Оқу мерзімі - 2 жыл.

Магистратураға түсуші үшін қажетті құжаттар тізімі:

1)білімі туралы құжат, бағалар жазылған қосымщасымен бірге (түпнұсқа);

2)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

3) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

4)№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

5)шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын (бар болған жағдайда);

6) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

7)ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);

8) Кешенді тестілеудің электронды сертификаты;

9)Оқу ақысының алғашқы жарнасы (ақылы негізде оқуға тапсырушы талапкерлер үшін);

10)Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік (грант иелері үшін).

 

Қызылорда «Болашақ» университетінде басқа қаладан келген магистранттарға жатақхана беріледі.

Қабылдау комиссиясының телефоны:8(7242)30-01-65, 8(701)382-24-01, 8(755) 421-77-81.