Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
Ғылыми орталық құрылғаны туралы қысқаша мәлімет: Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығы 2014 жылдың 27 мамырында құрылды (Бұйрық 57-Б).
Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі – саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Өрленбайұлы Насимов.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауы, Ғимарат №111, А 305 кабинет.
Байланыс телефоны: 8 (7242) 23-45-15,
E-mail: bolashak.gzi@mail.ru
Ғылыми орталықтың негізгі мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерін шешу бойынша ұжымның ғылыми әлеуетін тұрақты түрде дамыту және толықтай пайдалану.
Ғылыми орталықтың міндеттері:
- орталық дамуы бойынша жүргізілетін жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ету;
- институт директоры үшін есеп беру құжаттамалары мен ағымдағы жедел ақпараттарды әзірлеу;
- орталықтың жылдық жоспарларын әзірлеу;
- орталықтың тақырыптық жоспарында көрсетілген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Ғылыми орталық қызметінің негізгі бағыттары:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми гранттық конкурстарына қатысу;
- атқарылатын жұмыстар бойынша ғылыми, шығармашылық, білім беру мекемелерімен байланыс орнату;
- семинар, дөңгелек үстел және өзге де іс-шаралар өткізу жұмыстарына қатысу;
- орталықтың бағыттары бойынша кеңес берушілік, ақпараттық қызметтерді жүзеге асыру.
Ғылыми орталық 2014 жылдан бастап «Молодой ученый» журналының арнайы шығарылымдарын әзірлеп келеді. Сонымен бірге, чехиялық «Социосфера» Ғылыми-баспа орталығымен бірлесе отырып «Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары» және «Адам мен қоғам қауіпсіздігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселесі ретінде» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп тұрады.
Ғылыми орталық мүшелерінің тізімі:
Насимов Мұрат Өрленбайұлы – ҒЗИ директоры, орталық жетекшісі, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
Жусупова Гүлназ Аппазқызы - оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты;
Шураева Сәрсенкүл Нұрғалиқызы - Бизнес, техника және технология» жоғарғы мектебінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты;
Аргинбекова Гүлнар Ишанбекқызы – «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты;
Райымбекова Айман Төребекқызы - «Экономика, аудит, бизнес және басқару» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты;
Қаржаубаев Ербол Қазиұлы -заң ғылымдарының докторы, профессор;
Успанов Жолдыбай Тюльматович - заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
Амитов Шамшидин Егембердиевич - заң ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.;
Ахметов Молдабек Мелдібекұлы – заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Дулатов Ықылас Дулатұлы -заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Мұратбаева Гүлмира Алмабекқызы - экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Сейсекеев Алмат Оразғалиұлы - экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Паридинова Ботагөз Жаппарқызы – философия магистрі, аға оқытушы;
Серкебаев Дәуренбек Жұбайұлы – заңтану магистрі, аға оқытушы;
Пиржанова Ақмарал Сейтқасымқызы - заңтану магистрі, оқытушы;
Қындыбаева Римма Раушанбекқызы - заңтану магистрі, оқытушы;
Сегизбаева Дана Усенқызы – экономика магистрі, аға оқытушы;
Спанова Ләззат Қабылбайқызы -экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;
Уайіс Ләйла Мығыммарқызы -экономика магистрі, оқытушы;
Құлтанов Батырбек Бахытбекұлы -менеджмент магистрі, аға оқытушы.
Ғылыми орталық жобалары (университетішілік):
Саяси жарнаманың Қазақстан Республикасында дамуы (2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін) (2014 жылдан бүгінгі күнге дейін, жоба жетекшісі: саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Өрленбайұлы Насимов);
Сананы жаңғырту бағыттарының мәні, мазмұны және түсініктері (2017 жылдан бүгінгі күнге дейін, жоба жетекшісі: саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Өрленбайұлы Насимов);
Қазақстанның экономикасына жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы (2020-22 жылдарға арналған, жоба жетекшісі: экономика ғылымдарының кандидаты Айман Төребекқызы Райымбекова);
Құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарын құрметтеуді қалыптастыру (2020-22 жылдарға арналған, жоба жетекшісі: заң ғылымдарының кандидаты Гүлнар Ишанбекқызы Аргинбекова).