Жаңалықтар

Global SciCall: жаңа білім қорының авторлық жұмыстар ұлттық байқауының сарапшысы ретінде қатысқаны үшін алғыс пен IPR MEDIA компаниясының сараптамалық сертификаты кітапхана меңгерушісі Ж.Б. Алдабергенова табысталды.

 

 

 

 

"Қайсар" волейбол клубының төрағасы, волейболдан облыстың бас бапкері Даутов Абай Сайынұлы Қызылорда "Болашақ" университетінің кітапханасына екі кітапты сый ретінде табыстады.

 

  

 

 

Жаңа оқулық

 

Қызылорда «Болашақ» университеті кітапханасының қоры «Арал-Сырдария бассейінінің экологиясы мен биоресурстары» ҒЗИ директоры, «Жаратылыстану және өнер» кафедрасының доценті Марат Мықтыбайұлы Жанзақовтың авторлығындағы 2 бөлімнен тұратын «Селекция және тұқым шаруашылығы негіздері» атты оқулығымен толықты.

 

Оқулықта мәдени өсімдіктер, яғни егістік дақылдар селекциясы мен тұқым шаруашылығының негізгі мәселелері мен бағыттары баяндалған. Әлеуетті өнімділігі мен өнімнің сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі үйлескен, табиғи-климаттық жағдайлардың күрт өзгеруіне, қарқынды және энергия үнемдейтін технология бойынша өсіруге бейімделген сорттар мен будандар шығарудағы бастапқы материалдарға және оларды алу тәсілдері мен әдістері, будандастыру түрлеріне, полиплоидия, анеуплоидия мен гаплоплоидияның, мутагенездің, гетерозистің, сұрыптау мен оның әдістерінің селекциялық процесте қолданылуына, жалпы селекциялық процесті, сондай-ақ тұқым шаруашылығын ұйымдастыру мен жетілдіру негіздеріне, тұқым сапасын жақсартудың заманауи әдістері мен тәсілдеріне аса көңіл бөлінген.

 

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының өсімдік шаруашылығындағы мамандығы студенттері, магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлеріне арналған.

 

Оқулық өз оқырманын табады деген сенімдеміз!

 

 

 

 

Сыртқы электронды кітапханалармен семинарлар, консорциумдар,вебинарлар

 

Жаңа оқулықтар

 

 

Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт