Ойдария дебат клубы

 

«ОЙДАРИЯ» ДЕБАТ КЛУБЫ

 

2011 жылдың аяғында Студенттер парламентінің белсенділері «Ойдария» пікірсайыс клубын құрды. Соңғы жылдары клуб өте белсенді жұмыс атқаруда, клуб мүшелері қалалық, облыстық және республикалық пікірсайыс турнирлеріне қатысады. Бүгінгі күнге дейін клуб мүшелері 30 -дан астам турнирлердің жеңімпаздары болып табылады.Дебаттық клуб бүкіл кезең ішінде 20 -дан астам турнир ұйымдастырды. 2013 жылдан бастап клуб Халықаралық жастар ынтымақтастығы күніне арналған республикалық турнир өткізіп келеді. «Ойдария» дебат клубы биыл да өз жұиысын жақсы атқарып келеді. Университет студенттерінен құралған дебат клубы биылғы жылы университет ректорының грантына облыстық турнир өткізді. Оюлыстық деңгейде өткен сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Облысымыздың барлық өңірлерінен мектеп командалары келіп қатысты.