Университет студиясы

 

 

"Болашақ" университеті студиясының мақсаты студенттерді тележурналистка мамандығына баулу, тәжірибе жүзінде болашақ маманды  телекамера мен студияға қойылған жарықтың алдында өзін ұстауға,  тележүргізушілік қабілетін ашып, студияда жұмыс істеуге машықтандыру. Студияда жүргізуші журналист отыратын  тұғырлы станок, станоктың артында декорациялық фон. Қазір фоны "Болашақ" университетінің паспорты іспетті дайындалған декорация. Журналист отыратын станокқа орнатылған стол мен орындық артқы фоннан 1-1,5 метр қашықтықта болуы тиіс. Өйткені  фон мен орындықтың арасы камера алған кезде жабысып тұрған көрініс бермеуі керек. Бұл екі ортадағы  ашық жер-глубина деп аталады. Сондықтан глубина сақталғаны жөн. Сондай-ақ студиядағы түсірілімге динамика беріп тұратын экран қойылған. Онда жазылымдағы тақырыпқа сай, бейнеқатарлар жүріп тұрады немесе  бейнесюжет, слайдтар көрсетіледі.  

Университет студиясы- оқу-тәжірибелік студия болғандықтан осы жерде монтаж столы да орналасқан. Студияда өз мүмкіншілігіне сай жарық қойылған. Жарықты жинақтаушы құрал да өз функциясын орындап тұр.   

Жалпы жазылым студиясының функциясы: Студияда тікелей эфирлер мен хабар, бағдарламалардың жазылымы (запись) жүзеге асады.  Тақырыпқа сай, бағдарламаның мазмұнына сай декорация қойылады.  Студияның басты ерекшелігі-оның жасақталуында. Телевидение-жарықсыз қараңғы дүние. Жарық- телевизияның ең басты атрибуты.  Запись не тікелей эфир алдында студияда қойылған жарықтар әр бағытқа бағытталады. Оннан астам прожектордың әр түрлі  функциясы бар. Бір прожектор студияның ішіне  жалпы жарық беріп тұрса, басқа прожекторлар жургізуші мен студия қонақтарына бағытталады. Айналасы, беті мен киіміне көлеңкесіз біркелкі жарық түсуін қамтамасыз етеді. Келесі прожектор коррекция жасайды.     Декорациядағы бағдарламаның мазмұны мен салмағына акцент жасайтын маңызды детальді  де айырықша көрсететін осы жарық. Демек Студия, ондағы жарық, телекамера, тележурналистің отыратын орнының талапқа сай жабдықталуы- телевизиялық жазылымның сапалы  шығуының кепілі.

 

Оборудование «Студия журналистики»

BILIMBOOK

Камера SONY HXR-MC 1500

БП камера SONY HXR-MC 1500

Петлички,петличный микрофон

Прожектор для камеры

Штатив камеры

Телевизор  PANASOIC

Флеш карты (4.8.16 гб)

Колонка Microlab

Сетевой фильтр

Прожектор Muttle Professional

Адаптер Multi cardreader

Принтер лазерный HP P1102

Наушник Panasonic, наушник

Takstar TS-511 black