Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі
Орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілер ҰБТ-ға қатысу үшін университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
- Белгіленген үлгідегі өтініш;
- 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;
- Орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат қосымшасымен (түпнұсқа);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- Тестілеуге қатысу үшін төлеген ақы туралы түбіртек;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына белгіленген нысан бойынша білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама.
* - тестілеу бағасы – 2242 теңге.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан
Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:
«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ҚР БҒМ 010011 Астана қ., Жеңiс д., 60
БИН 000140001853
ИИК KZ536010111000001515 БИК HSBKKZKX КБE 16
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Төлемнің атауы – "Кешенді тестілеу үшін" (2242 теңге).
Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады.