МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕҢМЕН, ҚЫЗЫЛОРДА!
Енгізілді: 09.10.2025Қаралғаны: 16 рет
МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕҢМЕН, ҚЫЗЫЛОРДА!
Ағымдағы жылдың 9 қазанында Орталық алаңда Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жылдығы мен қала күніне арналған «Болашақ» университеті ұйымдастырған «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты салтанатты шара өтті.
Бұл кеш туған қаламыздың рухын, мәдениетін, жастарының жігері мен өнерін айшықтаған шынайы мерекеге айналды. Сыр елінің сәнін келтірген «Болашақ» университетінің талантты жастары ән мен күй, би мен жырды көрерменге тарту етті.
Кеш барысында Шыңғыс Бибіфатима «Алтын бесік» әнін әуелетіп, туған жердің қадірін сезіндірсе, Тұрғанбаев Жәнібек пен Досқалиев Дәулеттің әсерлі күй тартысы көрерменнің көңілін баурады. Ал, «Кербез» би тобының «Қыз қуу» биі сахнаның сәнін арттырды. Ырзағазиев Қайыржан, Мусабаева Самал, Ерасыл Аманжолов сынды жас орындаушылар мен Нұрғалиева Айнұр қала жұртшылығына сүйікті әндерін тарту етті. Жас ақын Қартбай Мейіржан туған қаласына арнаған жүрекжарды жырын оқып, жұрттың ықыласына бөленді.
Мерекелік кешке қатысып, құттықтау сөз сөйлеген университет проректоры М.Ә. Ембергенов қала күнімен барша сырбойылықтарды құттықтап, туған жердің өркендеуіне тілегін білдірді.
Кеш соңында барша өнерпаздар мен көрермендер бірге орындаған «Сыр елім» әні ерекше рух пен қуаныш сыйлады.
Қазақша
Русский
English














