ЗАҢ МЕН ПАРАСАТ ҮСТЕМ ҚОҒАМ – ӨРКЕНИЕТ КЕПІЛІ

Енгізілді: 30.10.2025Қаралғаны: 14 рет

ЗАҢ МЕН ПАРАСАТ ҮСТЕМ ҚОҒАМ – ӨРКЕНИЕТ КЕПІЛІ

 

Ағымдағы жылдың 30 қазанында Қызылорда “Болашақ” университетінің студенттері “Құқықтық диктант”  жазды.

ҚР Президенті:  «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек» – деп, атап өткен болатын.

Расымен де, мемлекетіміздің болашағы–заң мен тәртіптің мықтылығында,  жастардың құқықтық сауаттылығында.

Сондықтан әрқайсымыз заңға құрметпен қарап, әділетті қоғам қалыптастыруға үлес қосуымыз қажет.

Бұл – уақыт талабы, ұлт болашағына деген жауапкершілік.