«ҰЛТТЫҚ КИІМ – РУХАНИ МҰРАМЫЗ»

Енгізілді: 20.11.2025Қаралғаны: 170 рет

«ҰЛТТЫҚ КИІМ – РУХАНИ МҰРАМЫЗ»


         Ағымдағы жылдың «20» қарашасында Қызылорда «Болашақ» университетінде «Экономика, аудит, бизнес және басқару» кафедрасы білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – рухани мұрамыз» атты танымдық іс-шара өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық киімдерін насихаттау, олардың шығу тарихы мен жас ерекшелігіне байланысты айырмашылықтарын таныстыру, ерлер мен әйелдерге арналған бас киімдердің мәдени, әлеуметтік  мәнін ашу.

Іс-шара барысында білім алушыларға арнайы дайындалған бейнеслайд көрсетіліп, онда сәукеле, кимешек, жаулық, тақия, бөрік және тымақ сияқты қазақтың дәстүрлі бас киімдері туралы кеңірек ақпарат берілді. Әр киімнің шығу тарихы, жас ерекшеліктеріне қарай қолданылуы, сондай-ақ сәндік және тәрбиелік мәні қарапайым тілмен түсіндірілді. Бейнеслайдтағы суреттер мен қысқаша мәліметтер қатысушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті.

Білім алушылар киімдердің ою-өрнектері, қолданылатын маталары, жасалу ерекшеліктері мен тұтыну уақыттарының  мәні туралы мағлұмат алып, олардың тек сәндік бұйым емес, халқымыздың салт-дәстүрін, өмір салтын және мәдени-рухани құндылықтарын бейнелейтінін түсінді.

Іс-шара барысында білім алушылардың белсенділігі айқын көрінді: олар бейнеслайдтағы ақпараттарды талқылап, пікір алмасты, сұрақтар қойып, ұлттық мәдениетке деген  қызығушылықтарын ашық көрсетті. Сондай-ақ бұрын білмеген мәліметтерді меңгеріп, әрбір ұлттық киімнің тарихи маңызы мен ерекшеліктерін түсінді.
Бұл іс-шара білім алушылардың рухани-мәдени дамуына, патриоттық сезімін нығайтуға және өз халқының мәдени құндылықтарына деген құрметін қалыптастыруға зор үлес қосты.