«АРУЛАР ӘЛЕМІ-2025» БАЙҚАУЫ
Енгізілді: 01.12.2025Қаралғаны: 470 рет
«АРУЛАР ӘЛЕМІ-2025» БАЙҚАУЫ
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында Қызылорда «Болашақ» университеті «Педагогика және өнер» кафедрасының ұйымдастыруы мен әсерлі де мәнді «Арулар әлемі-2025» байқауы болып өтті.
Байқау білім алушылардың шығармашылық әлеуетін қолдауды, өзіне деген сенімін және өнерге қызығушылығын арттыруды көздейді.
Аталаған шараға Хан Ксения (ДШО-23), Асан Фатима (МузО-24), Игілік Аяулым (ПМНО-25), Көбек Айназия (ДШО-25), Ғалымжанқызы Гүлнара (ПМНО-25) қатысты.
Байқау барысында қатысушы арулар өздерінің таланты мен қабілетін, нәзіктігі мен өнерге деген сүйіспеншілігін ән айтып, би билеп, қол өнер бұйымдарын көрсету арқылы паш етті.
Байқаудың жеңімпазы – МузО-24 оқу тобының білім алушысы Асан Фатима. Жеңімпазды құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен өнерге деген шынайы ықыласы үшін алғыс білдіреміз.
Қазақша
Русский
English














