ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗАҚСТАН – АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМ АЙМАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Енгізілді: 30.10.2025Қаралғаны: 451 рет

ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗАҚСТАН – АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМ АЙМАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

 

 

Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумының пленарлық отырысына қатысты.

Форум алаңында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының басшылары, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты. Олардың қатарында Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (МГИМО), Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да беделді оқу орындары бар.

Президент өз сөзінде білім беру саласындағы серіктестіктің жаңа кезеңі басталғанын атап өтті:

«Қазақстанды өңірлік білім және инновация орталығына айналдыру – біздің стратегиялық мақсатымыз. Университеттеріміз халықаралық стандарттарға сай дамып, әлемдік ғылыми кеңістікпен терең интеграциялануы қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы академиялық ұтқырлықты кеңейту, жас ғалымдарды қолдау және Қазақстан жоғары оқу орындарын әлемдік рейтингтерде ілгерілету қажеттігін атап өтті.

Форум нәтижесінде бірқатар шетелдік университеттермен және халықаралық ұйымдармен стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімдерге қол қою жоспарланған.