Жаңа жылдық ертегі жүректерге жылу сыйлады!

Енгізілді: 29.12.2025Қаралғаны: 47 рет

Жаңа жылдық ертегі  жүректерге жылу сыйлады!

2025 жылдың 29 желтоқсанында «Bolashak» University қабырғасында ерекше бір қуанышқа толы сәт өтті. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен техникалық қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік шын мәнінде ертегі әлеміне айналды.    
«Bolashak Hall» Студенттер Сарайының фойесінде бой көтерген 8 метрлік алып шыршаның жанында «Қошқар мен Текенің Жаңа жыл қарсаңындағы оқиғалары» атты қызықты да тәрбиелік қойылым сахналанды.
Балалар сүйікті кейіпкерлерімен бірге қуанып, қасқырлардан қорқып, Мыстан апамен татуласып, Аяз ата мен Қаршақызды шаттана қарсы алды.
   ☑Шырша жағу салтанаты,
   ☑ескі Жылан жылымен қоштасу,
   ☑жаңа Жылқы жылын қарсы алу,
   ☑ән мен би,
  ☑сыйлық пен шат күлкі –бәрі-бәрі балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Балғын бүлдіршіндердің шатты күлкісі, ата-аналардың ризашылыққа толы жүздері бұл мерекенің басты бағасы болды. Ертегі тек сахнада емес, әр баланың жүрегінде жалғасын тапты. Осындай тағылымы мол, тәрбиесі терең, көңілге қуаныш сыйлаған мерекенің өтуіне атсалысқан барша ұйымдастырушыларға, өнер көрсеткен кейіпкерлерге және қолдау білдірген ата-аналарға зор алғыс!

Жаңа Жыл құтты болсын!
Әр шаңыраққа шаттық, береке, бала күлкісі молынан келсін!