«BOLASHAK» UNIVERSITY БАЛМАСКАРАДЫ – 2025
Енгізілді: 26.12.2025Қаралғаны: 47 рет
«BOLASHAK» UNIVERSITY БАЛМАСКАРАДЫ – 2025
«Уақыт пен қиял тоғысқан түн» атты «Bolashak» University студенттерінің балмаскарад кешінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, арнайы марапаттар табысталды.
Құрылтайшының арнайы гранты иегері болып таеквондодан ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанған Адилбекқызы Айша танылды.
Ал, «ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТ» номинациясын Өмірсерікқызы Нұржаухар иеленсе, «ЖЫЛ КӨШБАСШЫСЫ» атағын Мәлібекова Аяулым алды. Сондай-ақ, «ЖЫЛ АҚЫНЫ»—Қартбай Мейіржан, «ҮЗДІК ӨНЕР ИЕСІ»—Абдулқасымқызы Назым, «ҮЗДІК БИШІ» болып Қанағатқызы Анеля атанды. Бұл марапаттар – білімге, өнерге, көшбасшылыққа және шығармашылыққа деген адал еңбектің жемісі.
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Болашақ – білімді, өнерлі, талантты жастармен жарқын!
Қазақша
Русский
English














