"МЕНІҢ ЕЛІМ, МЕНІҢ ТАРИХЫМ, МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ!" АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Енгізілді: 05.12.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2466 рет

"Болашақ" университетінің кітапханасында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған студенттер арасында "Менің елім, менің тарихым, менің Елбасым!" атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ұйымдастырушылар Студенттік үкіметтің белсенді жастары. Мақсаты – жастардың қызығушылықтарын және белсенділіктерін арттыру, топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тарту. Ойынға барлығы 20 қатысушы қатысып, олар 4 топқа бөлінді:"Нұр Отан", "Жас Отан", "Жас қыран" мен "Сұңқар", әр топ өз басшысын тағайындады. Ойын 4 айналым бойынша өткізілді: «Сұрақ-жауап», «Сандар сөйлейді», «Тақырыпты қорғау», «Капитандар сайысы". Әр айналым өз дәрежесінде қызықты өтті. Нәтижесінде, "Нұр Отан" тобы 25 ұпаймен І- орынға, "Сұңқар" тобы 24 ұпаймен ІІ -орынға, "Жас Отан" тобы 21 ұпаймен ІІІ- орынға иеленді.
Барлық жеңімпаздарға дипломдар, сыйлықтар мен ойынға белсенді қатысқаны үшін алғыс табысталды. "Үздік" ойыншы болып Педагогика және психология мамандығының 1-курс студенті Қарабалықов Қанат болып танылды. Сонымен қатар, шарада Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы баяндамалар оқытылды және мерекеге арналған арнау орындалды.