Құрметті қызылордалықтар, әріптестер, достар!

Енгізілді: 01.05.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2469 рет

Құрметті қызылордалықтар, әріптестер, достар!

 

Сіздерді  татулық пен келісімнің белгісіне айналған 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының  символы, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім еліміздің негізгі байлығы болып табылады.

         Сіздерге бақыт-береке, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбастарыңызға амандық пен шаттық тілеймін!

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын!

 

Игі тілекпен, Қуаныш Дауренбеков

«Болашақ» университетінің ректоры