«Жомарт» қоғамдық ұйымымен меморандум
Енгізілді: 28.08.2019Өзгертілді: 28.08.2019Қаралғаны: 9169 рет
Бүгін «Болашақ» университетінде «Жомарт» қоғамдық ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум мақсаты әлеуметтік жобаларды бірге іске асыру және еріктілер қозғалысын дамыту саласында бірлескен іс-шараларды ұйымдастырып өткізу. Сонымен қатар, меморандум оқу семинарларын және тренингтерді бірге өткізуді және ұйымдастыруды қарастырады, студенттер арасында қайырымдылықты насихаттау және дамытуға бағытталған.