ҰЛТТЫҚ БАНК ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН САЙЫСЫН ӨТКІЗДІ
Енгізілді: 13.10.2023Қаралғаны: 9282 рет
Экономика, аудит, бизнес және басқару кафедрасының ұйымдастыруымен, 2023 жылғы 13 қазан күні Валюта-Теңгенің 30 жылдығы мерекесіне орай,Ұлттық Банк Қызылорда филиалының қызметкерлері, кафедра студенттерімен интеллектуалды ойын сайысын өткізді. Филиал қызметкерлері студенттерге Ұлттық Банктің негізгі мақсаты мен міндеттері және теңгенің шығу тарихы туралы мәліметтер беріп, бейнежазбалар көрсетті. Студенттер өзара топтарға бөлініп мобильдік қосымшасы арқылы интеллектуалдық ойын және сөзжұмбақ ойындар сайысына белсене қатысты. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.Ұлттық Банк қызметкерлеріне Кафедра атынан алғысымызды білдіреміз.