ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Енгізілді: 18.03.2024Қаралғаны: 2610 рет

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Болашақ» университетінде Наурызнама аясындағы Ұлттық киім күніне орай «Ұлтымның ұлылығы ұғымында» атты мерекелік шара өтті. Ұлыстың ұлы күнін  біздің бабаларымыз есте жоқ ескі замандардан бермен қарай тойлап келеді.  Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, 5000 жылдық тарихы бар мейрамның ұлтымыз үшін орны ерекше. Сондықтан да, биылғы «Наурыз» он күндік халықтық мереке күйінде атап өтіліп жатыр.

14-наурыз «Амал» мерекесінен басталған «Наурызнама», 23-наурыз  «Тазалық күні» болып түйінделмек. Шара барысында үздік ұлттық киім үлгісін көрсеткен ұстаздар мен халық әндерін орындаушылар арасында сайыс ұйымдастырылды.

Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық киімді бағалау мен халық әндерін сараптауға   университетіміздің «Педогогика және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Дәмелі Қосбармақова мен «Филология, журналистика және тарих» кафедрасының аға оқытушысы, белгілі журналист Айткүл Шалғынбаева  таңдалды.

Самарқанның көк тасы еріген, ұлттық киіміміздің мәртебесі асқан күнге орай ұйымдастырылған шараны ұстаздар мен студенттер керемет көңіл-күймен, өзара көркем үндестікпен өткізді.

Мереке баршаңызға құтты болсын!