«2025 – жұмысшы мамандықтары жылы» аясында іс-шара ұйымдастырылды

Енгізілді: 12.02.2025Өзгертілді: 19.02.2025Қаралғаны: 3161 рет

«2025 – жұмысшы мамандықтары жылы» аясында

іс-шара ұйымдастырылды

 

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында облыстық филармония ұжымы Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылары мен білім алушыларының алдында «2025–жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылған «Адал еңбек-адал азамат» тақырыбындағы концерттік бағдарламасымен өнер көрсетіп қайтты.

Концертте танымал өнер жұлдыздары «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Р. Ахметов, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері И. Елубаева, Г. Әлиханова мен Б. Серік, Б. Найманов, Б. Төлеубаев т.б. Сыр сүлейлері мен белгілі копозиторлардың әндерін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.