ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Енгізілді: 13.02.2025Өзгертілді: 19.02.2025Қаралғаны: 2990 рет
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ШЕБЕРЛІК
САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда «Болашақ» университеті мен Өзбекстан Республикасының Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында э.ғ.д., профессор Кәрімов Нарбой Ганиұлы, э.ғ.д., профессор Исроилов Бодир Ибрагимұлы, э.ғ.д., профессор Исаков Жаңабай Якипбайұлы «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларына дәріс оқыды.
Екі жоғары оқу орнының білім берудегі ынтымақтастығы аясында шеберлік сабақтары өткізіліп, оқытушылар бірлескен жұмыс нәтижесінде құнды тәжірибелерімен алмасты. Қонақтар университеттің оқу үдерісімен, материалдық-техникалық базасымен танысты.
Тараптар білім беру сапасы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға деген ниеттерін аңғартты.