МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ БАҚБЕРГЕН СӘРСЕНҰЛЫ ДОСМАНБЕТОВ 80 ЖАСТА
Енгізілді: 23.09.2025Қаралғаны: 1033 рет
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ БАҚБЕРГЕН СӘРСЕНҰЛЫ ДОСМАНБЕТОВ 80 ЖАСТА
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Болашақ» университетінің Құрылтайшысы Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовты 80 жасқа толуымен құттықтады.
Қабылдауға зиялы қауым өкілдері мен мерейтой иесінің замандастары қатысты.Бақберген Сәрсенұлының ел дамуына қосқан зор үлесін атап өткен аймақ басшысы, мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, иығына шапан жапты.
Бақберген Сәрсенұлы – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірге елеулі үлес қосқан, ғылым мен білімді дамытуға өлшеусіз еңбек сіңірген тұлға. Оның бастамасымен құрылған «Болашақ» университеті бүгінгі таңда аймақ пен елдің еңбек нарығына қажетті мыңдаған білікті маман даярлап келеді.
«Болашақ» университетінің ұжымы құрметті Құрылтайшымызды 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
Ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыңыздың амандығын тілейміз!
Қазақша
Русский
English














