РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮЛКЕН ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

Енгізілді: 24.09.2025Қаралғаны: 990 рет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮЛКЕН ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

 

Қызылорда қаласында «Болашақ» университетінің 30 жылдығы мен оның Құрылтайшысы, академик Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовтің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған волейболдан жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Бұл дүбірлі жарысқа Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда қалаларынан келген 9 команда қатысып, жас спортшылар өзара шеберліктерін ортаға салды. Жастардың жігері мен өнерін тоғыстырған сайыс тартысқа толы, жоғары деңгейде өтті.

Нәтижесінде, бірінші және үшінші орындарды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен келген қос команда жеңіп алды. Ал, екінші орын қайсар ойынымен көзге түскен шымкенттік Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің командасына бұйырды.

 Бұл жарыс спорттағы әділдік пен достықтың, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісі болды.

 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

 Жаңа белестер мен биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!