«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ – ТАРИХИ МЕРЕКЕ
Енгізілді: 25.09.2025Қаралғаны: 532 рет
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ – ТАРИХИ МЕРЕКЕ
Кеше Сыр елінің мақтанышы «Болашақ» университетінің 30 жылдық мерейтойы мен осы қасиетті орданың негізін қалаған, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт жоғары деңгейде өтті.
Кеш көрерменге әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би мен сырлы саз сыйлады.
Сахна төріне еліміздің белгілі өнерпаздары, Сыр өңірінің талантты жастары көтеріліп, мерекенің мәнін айшықтады.
Барлық өнерпазға және мерекелік кешке келген қонақтарға зор алғыс!
Бұл – ғылымға ғұмыр арнаған абзал азаматқа деген құрметтің, білім ордасының жарқын тарихына тағзымның айғағы.
Болашақ – жарқын келешекке бастайтын шамшырақ!
Университетіміздің абыройы асқақтап, түлектеріміздің табысы арта берсін!
Қазақша
Русский
English














