«BOLASHAK – ЧЕМПИОНДАР МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ!

Енгізілді: 17.09.2025Қаралғаны: 869 рет

«BOLASHAK – ЧЕМПИОНДАР МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ!

 


       Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде ерекше рухани мереке болды. Университетіміздің 30 жылдық, ЖОО Құрылтайшысы, ҚР ҰҒА академигі, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовтің 80 жас мерейтойына, еліміздің атын абыроймен асқақтатып жүрген саңлақ спортшыларымыздың жүлделі жеңістеріне арналған салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Алғашқы сөзді академик Бақберген Сәрсенұлы алып, байрақты бәсекелерде елімізге олжа салып жүрген спортшыларға жүрек жарды тілегін білдірсе, облыстық «Жалаңтөс баһадүр» атындағы спорт-интернат директоры Жаманқұл Асылжан Зұлпқарұлы Бақберген Сәрсенұлына және 30 жылдық тарихы бар университет ұжымына  деген  ізгі ниетін білдірді.
Кеш барысында спортта өзінің дара жолын қалыптастырған студенттеріміз:

Мажиов Ислам–гір көтеруден Әлем чемпионы;

Шархан Нұрлыхан–Париж Олимпиадасына қатысушы, Азия ойындарының жүлдегері;

Абызбай Думан – «Қайсар» футбол клубының ойыншысы;

Сәрсенов Нұрмат – болашағынан үміт күттіретін футболшы;

Орынбасар Нұрислам – гір спортынан жас саңлақ;

Войсова Наргиза – Азия чемпионы;

Теміржан Руслан–спорттағы жарқын жетістіктерімен танылған студентіміз;

Пернебек Жанерке—таеквондодан Қазақстан чемпионы
сахна төріне шығып, құрметке бөленді.

Университет ректоры Гүлжахан Жұмашқызы құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Университетіміздің өнерлі жастары  өздерінің жүрекжарды ән-шашуларын арнады.

Бұл кеш – тек спортшыларымыздың жеңісі ғана емес, «Болашақ» университетінің үш онжылдық тарихындағы толағай табыстардың айғағы.
Біз чемпиондарымызды мақтан тұтамыз, осындай дарынды жастарымыз барда қазақ спортының болашағы жарқын!

Жасай бер Болашақ университеті жасай бер чемпиондар мекені