ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТЫҢДАЛДЫ

Енгізілді: 08.09.2025Қаралғаны: 36 рет

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТЫҢДАЛДЫ

 

«Болашақ» университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы Б.Сапарбаев атындағы атриум залда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

 Президент Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңіне қадам басуына негіз болатын маңызды бастамалар мен нақты міндеттер айқындалды. Әсіресе білім беру, ғылым мен инновация, жасанды интеллектті дамыту, цифрландыру және жастарды қолдау мәселелеріне ерекше мән берілді.

 Университет ұжымы Жолдауда айтылған басым бағыттарды жүзеге асыруға өз үлесін қосуға дайын. «Болашақ» университеті болашақ мамандарды заман талабына сай даярлау ісінде цифрлық білім беру технологияларын, жасанды интеллект негіздерін оқу процесіне енгізуді әрі қарай жалғастырады.

Университет білім алушылары Президенттің жастарға артқан сенімін ақтау жолында білімін шыңдап, елдің дамуына өз үлестерін қоса бермек.