«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЗАҢ КЛИНИКАСЫ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Енгізілді: 03.10.2025Қаралғаны: 47 рет
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЗАҢ КЛИНИКАСЫ» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
2025 жылдың 3 қазанында Қызылордадағы «Болашақ» университетінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастамасымен «Заң клиникасының» ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты іс-шараға облыстық Әділет департаментінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай мен «Болашақ» университетінің ғылыми және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Мұрат Ембергенов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл маңызды құжат университет пен Әділет департаменті арасындағы бірлескен жұмыстың жаңа кезеңін ашып, заң клиникасының қызметіне тың серпін бермек. Жоба студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, сонымен қатар аймақ тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
«Заң клиникасы» – болашақ заңгерлердің кәсіби шеберлігін арттырып, халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге ықпал ететін әлеуметтік маңызы зор бастама.
Қазақша
Русский
English














