ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «№1 ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА СЕНСОМОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ДӘРІС
Енгізілді: 07.11.2025Қаралғаны: 12 рет
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «№1 ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА СЕНСОМОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ДӘРІС
07.11.2025ж. «Арнайы педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары А.Б.Нұрхашова және К.С.Сәндібекова Қызылорда облысы білім басқармасының «№1 Облыстықбалаларды оңалту орталығының» ата-аналарына «Ерекше балаларға үй жағдайында сенсомоториканы дамыту»тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – үйжағдайында құралдарды қолдану арқылы балалардың моторикасын және анализаторларын дамытуы үшін ата-аналардың бірлесіп жұмыс жасауына ықпал ету.
Шара барысында оқытушылар ата-аналарды эмоционалды жайлылық, еркіндікке шақырып, тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасады. Аталған семинар-тренинг ата-аналарға сенсорлық және дидактикалық ойындарды, дәстүрлі емес әдістерді қолдана отырып, балалармен бірге сурет салуды, қол өнер жұмыстарымен айналысуды үйретті.
Ата-аналарға балалардың ұсақ моторикасын дамытудың әдістері мен тәсілдері көрсетіліп, үш жақты жұмыс жасалды. Сонымен қатар, ата-аналар ойларында жүрген сауалдарын қойып, тұшымды ақпарат алды. Кері байланыс кезеңінде ата-аналар оқытушыларға ыстық ықыласын білдіріп, алғысын жаудырды.
Қазақша
Русский
English














