Кітапхана туралы
Кітапхананың алға қойған міндеттері - кітап қорын сапалы жинақтап, оқырмандар сұраныстарын қанағаттандырып, ақпаратты жылдам жеткізу және кітапхананы қазіргі заманға сай жабдықтап, оны пайдаланушыларға қолжетімді ету мақсатында төмендегідей құрылымдық бөлімдермен жұмыстар атқарады:
- кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу;
- электронды ресурстар бөлімі;
- қызмет көрсету бөлімдері (абонемент, оқу залдары және электронды залдар);
- ақпараттық-библиографиялық бөлім.
«Болашақ» кітапханасының жалпы қоры 800000 дананы құрайды.
Кітапхана қорын толықтыру және ғылыми өңдеу бөлімі қорды толықтыруда әдебиеттерді іріктеп, сала мамандықтарын кітаппен қамтамасыз ету жұмысын үздіксіз жүргізіп отырады. Кітапханаға баспалардан келген тақырыптық жоспарлар мен прайс-қағаздарын кафедраларға жіберіп, оқу үдерісіне қажеттілігін анықтап, мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
Кітап қорын толықтыру мақсатында бөлім қызметкерлері төмендегі баспалар мен кітап-сауда мекемелерімен жұмыс жасады. Олар: ЖОО Ассоциациясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Республикалық Жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана, «Фолиант», «Бастау», «Арыс», «Отан», «Экономика» баспалары,«InterPress Distribution» ЖШС, «Эверо» ЖШС, «Ақмешіт» қоғамдық қоры, «Study INN» ЖШС, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы, «Мемлекеттік тілдерді дамыту институты» ЖШС, ИП Иманалиева, ИП Тулеев, ИП «Кітап», ИП «Нұржан», ИП «Ниязова Н.Н.», ИП «Тукенов», ИП Таңрықбаев Ж, ИП «Жиенай», ИП «Ахтаева Н.Х.» және т.б.
Кітап қорын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында қорға, ондағы өзгерістер мен пайдалану дәрежесіне қарай талдау жасалып отырады.
Электронды ресурстар бөлімі студенттерге, магистранттарға, профессор-оқытушылар құрамына, жалпы ғылыммен айналысатын пайдаланушыларға ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес толық әрі ұтымды кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетеді. Олар:
- жаңа технологияны қолдану арқылы электронды оқулықтарды, басқа да ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға жеткізу;
- кітапхана жұмысын инновациялық бағытта ұйымдастыру;
- пайдаланушылардың электронды каталогпен еркін жұмыс жүргізуіне, қорды пайдалануына мүмкіндік жасау;
- университет пайдаланушылары үшін сыртқы электронды ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету т.б.;
- университет сайтына кітапхана жаңалықтарын уақтылы орналастыру.
Қызылорда «Болашақ» университетінің кітапханасы Республикалық Жоғары оқу аралық электронды кітапханасының (www.rmeb.kz) мүшесі ретінде оқытушылардың еңбектерін Келісім бойынша енгізу жұмыстары жалғастыруда.
Университеттің серверіне қосылған барлық компьютерлер арқылы сыртқы электронды ресурстарды онлайн режимінде пайдалануға мүмкіндік бар, олар: ағылшын тіліндегі «Эльзевир», «Springer», «Thomson Reuters», электронды-кітапханалық жүйесіндегі «Лань»,«Университетская библиотека онлайн», «IPR-books», «Библиороссика» т.б.
Қызылорда «Болашақ» университетінің кітапханасы әлеуметтік желілерде твиттер, фейсбук, инстаграмда жеке парақшаларын ашты.
Кітапханада оқырмандарға 150 орындық 1 оқу залы, 1 абонемент, 20 орындық 1 электронды зал, жатақханадада қызмет көрсетеді.
Қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс орындары РАБИС бағдарламасы бойынша атоматтандырылуда. Оқырмандарды тіркеу, қайта тіркеу «Оқырман картотекасы» арқылы жүргізіліп, оқырман билетін және формулярын бағдарлама бойынша шығарып, электронды түрде қызмет көрсетіледі.
Кітапхана қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі - кітапхана-библиографиялық білімді насихаттау. Жаңа оқу жылының басында бірінші курс студенттеріне кітапханалық библиографиялық сабақтар өткізледі.
Кітапхана қызметкерлері университет және кітапхана қабырғасында түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіп, облыстық, республикалық, халықаралық көлемде ұйымдастырылатын шараларға белсене ат салысады.
Кітапхана қорын насихаттау мақсатында көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру қызметкерлердің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Көпшілік іс-шаралардың тиімділігі - қорға түскен дәстүрлі және электронды басылымдарды пайдаланушыларға уақытылы жеткізіп, оларға кітап, мерзімді басылымдар, сандық ақпарат көздерінен нақты деректерді пайдалануға мүмкіндік жасау. Өткізілген шаралардың түрлері: кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, акциялар, кештер, мамандар күні, апталықтар, семинар-тренингтер, конференция т.б.
Оқырмандардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында Кітапхана аралық абонемент арқылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасымен және қалалық кітапханалармен жұмыс жүргізіледі.
Қормен жұмыс. Қызмет көрсету бөлімдері қордың тығыз орналасуына байланысты қорды жылжыту, дұрыстығын тексеру және қордағы мазмұны жағынан ескірген, тозығы жеткен әдебиеттерді анықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізіп отырады.
Кітапханада қорды сақтау мақсатында қарызы бар оқырмандармен жұмыс жүргізіліп, телефон арқылы қоңырау шалып, мекен-жайларына хат жазу арқылы қарыз кітаптарды қорға қайтару жұмысы жолға қойылған.
Анықтама-библиографиялық бөлім
Бөлімнің негізгі жұмыстарының бірі - ақпаратты іріктеп тарату (избирательное распространение информации (ИРИ). Қызмет түрін көбіне ғылыммен айналысатын оқытушы-ғалымдар, магистранттар, диплом, курстық жұмыстар жазатын студенттер пайдаланады.
Бөлімдегі қордың қозғалысы үнемі бақылауда, жаңа анықтамалық басылымдармен, оқытушыларының еңбектерімен, конференция материалдарымен толықтырылып отырады.
Нәтижесінде 757 дана кітап қаралып, бөлім қорынан 37 дана кітап қызмет көрсету бөліміне қайтарылды, сонымен қатар жаңадан 31 дана кітаптар қорға алынды.
Анықтама-библиографиялық бөлімі арқылы кітапхана қорына жаңадан келіп түскен басылымдармен таныстыру мақсатында ақпараттық күндер, көшпелі кітап көрмелері және т.б. іс-шаралар ұйымдастырлып, кітапханада өтетін іс-шараларға ұсыныстық тізімдер жасалады.
Жаңадан түскен басылымдарды ғылым салаларына кітапхана-библиографиялық жүйе бойынша іріктеп, тізім жасап, кафедраларға бюллетень ретінде жіберіп отырады.
Бөлім қызметкерлері пайдаланушылар сұраныстарын (такырыптык анықтамалар, библиографиялық ұсыныстық тізімдер т.б. РАБИС бағдарламасы арқылы жүзеге азырады.
Кітапхана қызметкерлері университет ішілік, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде өтетін семинарларға қатысып, біліктіліктерін көтеріп, тәжірибе алмасып, дипломдар мен сертификаттар алды.
Кітапхана қызметкерлері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында университет, кітапхана өмірінен оқырмандардың мәдени, интеллектуалдық деңгейін көтеруге ықпал етеді.