Оқытушылар жетістіктері
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН МАРАПАТТАРЫ:
№ |
Оқытушы аты-жөні |
Жетістіктер мен марапаттар |
1. |
Қаржаубаев Ербол Қазиұлы |
заң ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Қаржаубаев Е.К. 2 монография, 2 оқу құралы және 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Ербол Қазиұлы «білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен және «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды. |
|
Аргинбекова Гүлнар Ишанбекқызы |
заң ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Ғылыми-зерттеу және шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарды үздіксіз жүргізеді, білім алушыларға осы бағытта тұрақты басшылық жасайды. Оның дайындаған студенттері құқық бағыты бойынша әртүрлі республикалық студенттік ғылыми конференциялар мен олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Ғылыми және оқу-әдістемелік бағытта республикалық, шетелдік басылымдарда, халықаралық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференция материалдарында 50-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған. Оның ішінде 7 оқу құралы, 1 монография және әдістемелік нұсқаулар. Арғынбекова Гүлнар Ишанбекқызы ҚР ҒЖБМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. Тарихи билер институтының бүгінгі күндегі жалғасы ол сот жүйесі. Кафедра оқытушысы М. М. Ахметов, көп жылдар бойы сот жүйесінде қызмет атқарған тәжірибелі маман, өзінің теориялық білімін студенттерге беруден талмай сот жүйесіндегі өз тәжірибесін теориямен ұштастырып жүр. |
|
Ахметов Молдабек Меңлібайұлы |
заң ғылымдарының кандидаты, ол 2005 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Судьялар одағының 5 съезіне делегат болып, Мемлекет басшысының алдында сот реформасы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, М. М. Ахметов билер институтының тарихын зерделеу жөніндегі Жоғарғы Соттың жұмыс тобының мүшесі болды және Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстық соттарының қатысуымен Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияның Х.М. Абжанов, Б. К. Кәрібаев, А. Ағыбаевтармен бірге ұйымдастырушысы болып бекітілді. Ахметов М. М. «Билер сөзі киелі» еңбегінің авторы. М.Ахметов Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 және 15 жыл медальдарымен, Астана қаласының 10 жылдығы медалімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған, бірнеше рет судьялар одағының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен және «Үш би» белгісімен марапатталған. |
|
Успанов Жолдыбай Түлматұлы |
заң ғылымдарының кандидаты, доцент, КСРО ІІМ Ресей Федерациясының Могилев орта арнайы көлік полициясы мектебінде заңгер мамандығы бойынша оқыды. Ол ҚР заң ғылымына үлкен үлес қосқан ІІМ Алматы жоғары мектебінде білімін жетілдірді. Жолдыбай Түлматұлы көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Ішкі істер органдарындағы жедел-іздестіру қызметі жүйесінің құрамында басшылық қызметте болды. ҚР ІІМ академиясында оқытушылық қызметпен қатар ҚР ІІМ Академиясының ғылыми-зерттеу институтының «жедел-іздестіру қызметінің өзекті мәселелерін зерттеу» зертханасының басшысы лауазымын атқарды. Ж.Т. Успанов Астана қаласының 10 жылдығы медалімен, қоғамдық тәртіпті қорғаудағы мінсіз қызметі үшін медальдармен, 10 және 15 жыл Ішкі істер медальдарымен марапатталған және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері болып табылады. |
|
Насимов Мұрат Өрленбайұлы |
саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Саяси технологиялар, саяси жарнама, имиджеология, консалтинг, саяси тарих пен философия мәселелерін зерттеумен айналысады. Соңғы жылдары заманауи қоғамның киберкеңістіктегі әлеуметтенуі мәселелелерін зерттеуде. 200-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы. Оның ішінде 5 монография, 1 оқулық, 4 оқу құралы,1 оқу-әдістемелік құрал бар. Ғылыми мақалалары Scopus базасындағы журналдарға жарияланған. Хирш индексі 3-ке тең. Сонымен қатар Web of Science базасындағы журналдарда 6 мақаласы жарияланған және Хирш индексі 1-ге тең. Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2014 ж.), дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері (2013-14 жж.), «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлі туралы таңдаулы оқу баспасы» номинациясының иегері (2015 ж.), Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық байқауының гран при иегері (2018 ж.), Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, Саяси зерттеулер Ассоциациясы РҚБ Қызылорда филиалының директоры,«Молодой ученый» (Ресей), «Социосфера» (Ресей), «Sci-article» (Ресей) журналдарының редакциялық алқа және «Қазіргі жағдайдағы тәрбие берудің мақсаты, міндеттері мен құндылықтары» және «Адам мен қоғамның қауіпсіздігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселесі ретінде» (Чехия) атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген Э.Хейвудтың «Саясаттану» оқулығының ғылыми редакторы (4-20 тараулар).Республикалық «Егемен Қазақстан», Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеттерінде мақалалары жарияланып тұрады. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015 ж.), «Қазақ хандығына 550 жыл» (2015 ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020 ж.) мерекелік медальдарімен марапатталған. |
|
Паридинова Ботагөз Жаппарқызы |
Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің бакалавриаты мен магистратурасын және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің PhD докторантурасын бітірген. Жүзден астам ғылыми еңбектің авторы. Скопус базасы бойынша Хирш индексі 2-ге тең. Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның және «Жылдың жас ғалымы-2018» номинациясы бойынша ғылым мен білімдегі жоғары жетістіктердің ІІІ халықаралық «Признание» байқауының І орын иегері атанған. Ресейлік «Молодой ученый» журналының редакциялық алқа мүшесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №542 бұйрығына сәйкес гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік еңбегі үшін («Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымы») М.О.Әуезов атындағы сыйлықты иеленген. Сонымен қатар, кафедрада сот саласы мен құқық қорғау органдарының тәжірибелі мамандары, заң ғылымдарының кандидаттары, тәжірибе мамандары, ғалым ұстаздар Успанов Ж. Т. Амитов Ш. Е, Ахметов М. М, Есенкелдиев Ш.Т, Ердаулетов К.І, Жамал-ад-Дин Н, Наурызбаев Б. А, Райханов И. А. қызмет жасайды. |
|
БайтасовК |
қауымдастырылған профессор, т.ғ.к. Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі (2005г). Мемлекеттік грант атағы «Жылдың үздік оқытушысы. 2009» |
|
М.Ж.Досжанов |
профессор, т.ғ.д. Мемлекеттік грант атағы «Жылдың үздік оқытушысы. 2007». Медаль «За трудовое отличие» (1981г). «РК білім беру ісінің құрметті қызметкрі» белгісі (2005г). Облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» (2007г). ҚР Ұлттық Инженерлік Аакдемиясының Алғыс хаты (2005ж, 2010ж.). «Батыр шапагаты» мерекелік медалі (2009ж.). ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының «Құрмет грамотасы» (2012г). «ҚР Қарулы күштеріне 20жыл» мерекелік медалі (2013ж. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015ж.). ҚР Президенті РК Н.А. Назарбаевтың «Алғыс хаты» (2016ж.). «Қорқыт Ата» атындағы алтын медаль (2016ж.). «Ерең еңбегі ұшін» медалі ( 2016г). Облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» (2016г). ҚР БжҒМ «РК ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2017г). |
|
Аяхметов А.Ж. |
к.ткн., старший преподаватель. ҚР БжҒМ құрмет грамотасы. (1996г). «Қызылорда қаласына 250 жыл» мерекелік медаль. (2017г). « Қорқыт Ата» атындағы алтын медаль (2015ж.). Аяхметов А.Ж. Отличник образования РК (1993г). |
|
Досманбетов Б.С. |
э.ғ.д., Медаль «ХХ лет Победы в Великой Отечественной воине 1941-1945гг.», 1965г., Орден «Құрмет»- 2004г., Орден «Парасат»- 2010г., Медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2001г., Медаль «10 жыл Астана»,2008г. и 6 благодарностей Президента РК. |
|
Жүсіпова Г. А |
э.ғ.к., Қазақстан Педагогика Ғылымдары академиясының корр- мүшесі-2020 ж. |
|
Шураева С. Н. |
э.ғ.к., еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандарды даярлаудағы ерен еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы медаль-2017ж., үздік педагогтар академиясының мүшесі - 2020 ж. |
|
Райымбекова А.Т. |
э.ғ.к., Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі жеке үлесі үшін ҚР БҒМ алғысы-2018 ж., «Қазақстан жылының мұғалімі-2020» |
|
Нұрсұлтанқызы Ж |
Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы», Ж. Қазақстан педагогтар қауымдастығының «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, «Білім-өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Үздік ғылым кандидаты-2019» төсбелгісі |
|
Байдаулетова А. |
Қазақстан педагогтар қауымдастығының «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, «Білім-өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Үздік ғылым кандидаты− 2019» төсбелгісі |
|
Сапартаева Л. |
Қазақстан педагогтар қауымдастығының «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі |
|
Оралбаева Г. |
ХІ Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқаудың жеңімпазы ретінде «Үздік ұстаз» төсбелгісі |
|
Қанқожаева Ш.Ж |
«Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісі |
|
Абенова Ж.А. |
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі |
|
Шаймаганбетова К. |
«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісі |
|
Дауылбай М. |
Халықаралық, Республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері, «Самғау» жастар сыйлығының иегері |