Студенттік үкімет


«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІ ТУРАЛЫ

 

Студенттік үкімет «Болашақ» университетінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын, мерекелік және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастырушы, сонымен қатар жүзеге асырушы бөлімше болып табылады. Студенттермен тығыз қарым-қатынас орната отырып, мәселелерін шешуге ықпал жасайды. Атап айтқанда, студенттердің сабақтардан тыс бос уақыттарын тиімді және қызықты өткізуді ұйымдастыру, қабілетті, өнерлі жастарды қолдап, одан әрі шыңдауға ықпал жасау, жатақхана тұрғындарының ағымдық жағдайларынан хабардар болу, сабақ үлгерімі орташа және сабаққа құлшынысы төмен білім алушылармен жұмыс жасау, 1 курс студенттеріне жоғарғы курстар тарапынан болатын қысымның алдын алу, жастарды шыңдап, қалалық, облыстық ашық бәсекелерде үздіктер қатарынан көрінуіне көмек көрсету болып табылады.

 

 

 

Негізгі мақсаттары:

 

  • Студенттердің көшбасшы топтарының басқарушылық қабілеттерін дамыту.
  • Студенттің тұлғасын қалыптастыру, оның ішкі әлеуметтік дамыту, қоршаған ортаға деген мейірімділікке тәрбиелеу;
  • Студенттердің студенттік өзін-өзі басқару (студенттік жиналыстарға) жұмысына қатысуы, университеттегі студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп шешім қабылдау;
  • Студенттік контингент арасынан көшбасшыларды анықтау.

 

Негізгі міндеттері:

 

  • Жастар саясатын уақытында жүзеге асыру бойынша шаралар әзірлеу;
  • Университетте, кафедраларда, оқу топтарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу;
  • Азаматтық ұстаным қалыптастыру, саяси институттармен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту;
  • Интеллектуалды және шығармашылық әлеуметті дамыту, оқу, ғылыми және көркем қызметте студенттік жастардың өзін-өзі жетілдіруіне көмектесу;
  • Жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері, жастар мәселелерін уақытылы шешу бойынша университеттің, қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру;
  • Университеттің жастар мәселелерінің тәжірибелі және өзекті шешілуіне қатысты мәселелер жөніндегі жастар ұйымдарымен, жоғарғы инстанциялармен өзара әрекет ету.

 

Үкімет ішінен студенттердің әр салаға қызығушылықтары бойынша келесідей ұйымдар мен қозғалыстар құрылды:

 

-«Мейірім» еріктілер клубы. Мақсаты: студенттердің бойына имандылық құндылықтарын сіңіре отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет, мұқтаж жанға көмек қолын созуға ықпал жасау. «Жетімін жылатпаған» ата-бабаларымыздың ізгі дәстүрін одан әрі насихаттау. Тағдырдың жазуымен қартайған шақта жалғыз қалған үлкен кісілерге көмек көрсете отырып, көңілін аулау. Түрлі психикалық, психологиялық дерті бар бүлдіршіндермен жұмыс жасау, қорғансыз жеткіншектердің маңдайынан сипап, үлкен өмірге қадам басуларына, үлкен азамат болып қалыптасуларына қолдан келгенше жағдай жасау.

 

-«Болашақ TV» телевизиялық жобасы. Мақсаты: университет қабырғасынан түлеп ұшқан аға буын өкілдерін, ел танитын, құрметтейтін, түрлі жетістіктерге өз күшімен жете білген тұлғаларды оқу орнымыздың жастарына таныстыру. Түрлі қызықты бағдарламалар мен жобалар ұйымдастыру арқылы студент-жастардың телекамера алдында сөйлеу мәдениетіне, өзін-өзі ұстауына ықпал қосу. Университетті сыртқы қоғаммен байланыстырар, оқу орнының жетістіктері мен артықшылықтарын қоғам назарына жеткізуші ақпарат айнасы.

 

-«Кәсіби бағдар беру» ұйымы. Мақсаты: университет пен мектептер арасында алтын көпір орнату. Университетті жан-жақты таныстыра отырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін оқушыларға жеткізу. Мектеп оқушылары арасында түрлі байқаулар мен жобалар ұйымдастырып, өнерлеріне қолдау білдіріп, университетке қызығушылықтарын ояту. Жас буын санасына оң көзқарас қалыптастыруға жұмыс жасау. 

 

-«ПАДИШАХ» қыздар клубы. Мақсаты: нәзік жанды аруларымызға салт-дәстүрлерімізді кеңінен насихаттау. Психолог мамандарды шақыра отырып, арнайы семинарлар ұйымдастыру. Түрлі қажетті бағыттарда, сұраныс бойынша кеңес пен тиісті мәліметтерді жеткізе отырып, арулар қауымының ХХI ғасыр талабына сай маман ғана емес, үздік келін болуына үлес қосу.

 

-«Ойдария» пікір–сайыс клубы. Мақсаты: жастардың азаматтық көзқарасын, интеллектуалды өсуіне жағдай жасап, пікір-сайыс турнирлерін ұйымдастыруға көмектесу.

 

Болашақ start-up» бизнес-инкубаторы.  Мақсаты:студенттер арасында кәсіпкерлікті дамыту және  бизнес идеяларын қолдау.

 

-«Жас ақын» үйірмесі. Мақсаты:  әдеби шығармашылыққа (әдеби-музыкалық қойылым, айтыс, мүшайра) бейім студенттерді біріктіріп, ізденістеріне жол ашуға, бағыт-бағдар беруге қажетті орта қалыптастыру. Осы бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру.

 

-«Flame dance» заманауи би студиясы. Мақсаты: заманауи би түрлерімен қоса шығармашылық жолға қадам басқан студенттерді заманауи би түрлеріне баулу, қалалық, республикалық жарыстарға дайындау.

 

-«IT BRAIN»  үйірмесі. Мақсаты: Студенттердің жаңа технологияларға қызығушылықтарын арттыру және АКТ өз бетімен пайдалана білу.

 

 

 

 

 

 

 

Студенттік үкімет төрағасы

 

 

 

Аралбаев Досбол, ФИС-22 оқу тобының студенті

 

Тел: 8 705 491 8081