«Кербез би» ансамблі

«КЕРБЕЗ» БИ АНСАМБЛІ

«Кербез» би ансамблінің негізі 2011 жылдың күзінде қаланды. Ансамбльде биге қызығушылығы басым университеттің белсенді студенттері өнер көрсетеді. Бір қызығы, студенттердің басым бөлігі өнер мамандығына сәйкес келмейді.

Ансамбль жас болса да, бірнеше конкурстардың жүлдегерлері. «Студенттік көктем-2012» фестивалінің І, «Студенттік көктем-2013» фестивалінің ІІІ, «Студенттік көктем-2014» фестивалінің ІІ орын иегерлері.

Қызылорда өңірлік Х жастар Делфийлік ойындарындағы «Қазіргі заман биі» жанры бойынша І, «Халықтық би» жанры бойынша ІІ дәрежелі диплом иегерлері. 2014 жылғы республикалық Дельфи ойындарының дипломанты

 

 

«Кербез» би ансамблі республикалық Дельфи ойындарында. Орал қаласы. 2014 ж.

 

«Кербез» би ансамблі Орталық алаңда өткен Наурыз мейрамында. 2014 ж.

 

Ансамбль дайындық үстінде