«БУ» құрамасы жайдарман тобы

                           « Болашақ » құрамасы 2021

Университет студенттері Жайдарман ойындарына белсенді қатысады. 2012 жылы құрылған BU командасы тек облысқа ғана емес, республикаға белгілі. 2013 жылы олар Премьер -лиганың бірнеше дипломдары мен алғыс хаттарына ие болды. 2014 Республикалық Батыс Лигасына, 2015 Республикалық Орталық Лигасына қатысты. «Студенттік көктем-2015» фестивалі кубогының жеңімпаздары

 

«Болашақ» құрамасы 2019 жылдың Қыркүйек айында құрылды. Университет студенттерінен құрылған бұл құрама университет ішілік жайдарман ойындарында көзге түсіп, шыңдала бастады. Университет қабырғасында жүріп, көптеген жарыстарға барып, университет абыройын қорғап, жүлделі орындарға ие болып жүрген құрама университеттің намысын қорғайтын таңдаулы команда болып шыға келді.

Университет ректоры және университет құрылтайшыларының қолдауымен «Болашақ» университетінің құрамасы Нұрсұлтан қаласында өткен Республикалық «Jaidarman Live» телевизиялық  жобасына жолдама алып, 1/8 кезеңде өз бақтарын сынап нәтижелі ойын көрсетті.

Құрама- Республикалық  бірінші лигаға жолдама алып, 1/8 кезеңде университет атын шығарды.

Команда мүшелері:

1.Тұрсынбай Қалқаман (оқытушы)

2.Өксікбай Жандос (студент)

3.Жалғасов Асылхан (студент)

 4.Сақтағанов Мұқтархан (студент)

5.Камал Мейірхан (студент)

6.Өмірзақ Дидар (студент)