ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР МЕКТЕБІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ!

Енгізілді: 14.10.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2046 рет

«Болашақ» университетінің студенттері «Бизнес жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудыңМемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы  бар халық үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша оқу курсын сәтті аяқтады. Курс соңында әр топ ұсынған өз жобаларын қорғап, арнайы сертификатқа иеленді. Өздерін белсенді көрсеткен қатысушыларға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері, курс оқытушысы Мадина Қасымжан «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты жинақтар  табыстады. Нәтижесінде, сертификат алған студенттер облыстық жобалар жәрменкесіне және  инновациялық гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.