БАР МЕЙІРІМІМІЗ БАЛАЛАРҒА!

Енгізілді: 14.10.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1991 рет

Осындай тақырыппен «Болашақ» университетінің «Мейірім» еріктіліер клубының мүшелері Республикалық балаларды оңалту орталығында мерекелік шара өткізді. Шараның басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың қөңіл күйлерін көтеру, билету, ойнату,  әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қана­ғаттандыру, бос уақыттарын қызықты және тиімді өткізу. Мерекелік кеш барысында студенттер ән айтып, түрлі билер, флешмобтар билеп, ойындар ойнатып, сонымен бірге түрлі мультфильм кейіпкерлерінің костюмдерін киген жастар балалардың көңіл күйлерін көтерді.

Орталық қызметкерлері университет белсенділеріне мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне алғыстарын білдірді.