ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТА ТҮСПЕК

Енгізілді: 05.12.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1976 рет

«Болашақ» университеті мен Ташкент қаржы институты арасында қол қойылған меморандум аясында халықаралық қатынастар департаментінің директоры, PhD Салохиддин Авазходжаевпен өте нәтижелі кездесу өтті.
Кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асыру және халықаралық білім беру бағдарламалары мен қос дипломды бағдарламалар бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін Болашақ университетінің базасында бірлескен факультет-платформа ашу туралы бірқатар мәселелер талқыланды.
2 семестрден бастап оқытушылар құрамымен алмасу және студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту жүзеге асырылады.
Кездесу мен келіссөздер табысты өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың үлкен мүмкіндіктері бар екендігі айқындалды.