СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ-2019!

Енгізілді: 23.12.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2086 рет

«Болашақ» университетінің Студенттер  сарайында дәстүрлі Студенттер қатарына қабылдау салтанатты шара өтті. Салтанатты жиында «Болашақ» университетінің ректоры Дауренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы жәнеNur Otan партиясы  Қызылорда қалалық филиалы Есепке алу және статистикалық сектор меңгерушісі Мамбетов Асылбек Рахметұлы сөз сөйледі. 

Сонымен қатар, арнайы мерекеге орай Nur Otan партиясының Алғыс Хаттарымен бір қатар университеттің үздік студенттері марапатталды.

Олар:

          1.«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы Фис - 16/4 оқу тобының студенті, Казақстан Республикасы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ұлттық Паралимпиада командасының мүшесі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы,  «100 жаңа есім» республикалық жобасының қатысушысы, біздің Чемпион Бақберген Қолғанат Талғатұлы;

2.  «Дефектология» мамандығы Деф -18 оқу тобының студенті, университет белсендісі,оқу озаты Әлібек Ғазиза Сейтжанқызы;

3. «Құқықтану» мамандығы ЮП-16 оқу тобының студенті, «БУ» командасының капитаны,  университет белсендісі Тұрсынәлі Арнат Сабитұлы;

4. «Биология» мамандығы Б-16 оқу тобының студенті, Студенттер үйінің студенттік кеңес төрайымы, оқу озаты, университет белсендісі Тоқтанова Қымбат Жанатқызы;

5. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы Фис - 17 оқу тобының студенті, «Жігер» спорттық клубының жетекшісі, оқу озаты, университет белсендісі Өміртай Мейрамбек.

6.«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы Фис - 18/1 оқу тобының студенті, «Болашақ жастары» командасының капитаны, «Болашақ аялдамасы»  киносының басты рөлін сомдаған актері, университет белсендісі Жалғасов Асылхан Темірбекұлы.

Студенттерге студенттік билеттерді «Бизнес, техника және технология» жоғары мектебінің деканы Мұратбаева Гүлмира Алмабекқызы, «Білім беру және педагогика» жоғары мектебінің деканы Еспенбетова Алтын Түймебайқызы және Студенттік үкіметінің төрайымы Азаматова Зарина Ардаққызы салтанатты түрде табыстады.  Студенттер ант қабылдап, шара көңілді концерттік бағдарламамен аяқталады.