БІРЛЕСКЕН ФАКУЛЬТЕТ АШУ ЖӨНІНДЕ ТАШКЕНТ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Енгізілді: 08.01.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1726 рет

Бүгін «Болашақ» университетіне жұмыс сапарымен Ташкент қаржы институтының халықаралық бөлімінің басшысы, Phd Авазходжаев Салохиддин және халықаралық бөлімі басшысының орынбасары Шукуров Махмуд Улугбек угли келді. 

         Келу мақсаты- «Болашақ» университетінде  «Халықаралық қаржы және несие қатынастары» бакалавриат және магистратура  бағыттары бойынша бірлескен факультет ашу, қос дипломды білім беру және екі университеттің студенттері мен оқытушыларының академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру тәртібін талқылау.

         Келіссөздер барысында  экономикалық бағыты бойынша мамандарды бірлесіп даярлау туралы келісімге және «International High school of Business» бірлескен факультет туралы Ережеге қол қойылды.

Факультеттің ресми ашылуы 2020 жылдың наурыз айында жоспарланған.

Ташкент қаржы институтымен өзара тиімді ынтымақтастық жоғары білікті мамандарды даярлау, оқытушылар мен профессорлардың біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу және ғылыми әдебиеттермен алмасу және басқа салалардағы ынтымақтастық бағытында жақсы бастама болатынына сенімдіміз.