"ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ" АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Енгізілді: 04.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1729 рет

      Бүгін Волонтерлар жылы аясында "Болашақ" университетінің ерікті жастары Республикалық балаларды оңалту орталығында "Жүрек жылуы" қайырымдылық шарасын өткізді. Шараның басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың қөңіл күйлерін көтеру, билету, ойнату, әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қана­ғаттандыру, бос уақыттарын қызықты және тиімді өткізу. Мерекелік кеш барысында студенттер ән айтып, түрлі билер, флешмобтар билеп, ойындар ойнатып, түрлі ойыншықтар сыйлап, тәтті мақта дайындап, сонымен бірге түрлі мультфильм кейіпкерлерінің костюмдерін киген жастар балалардың көңіл күйлерін көтерді.

Орталық қызметкерлері университет белсенділеріне мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне алғыстарын білдірді.