КОРОНОВИРУСТЫ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДӘРІС ОҚЫТЫЛДЫ

Енгізілді: 05.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2042 рет

        2020 жылдың 5 ақпан күні «Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының мамандары Алпаева Динара және Ирсайтова Жанар «Болашақ» университетінің студенттеріне «Коронавирусты алдын алу» тақырыбындағы дәріс оқыды. Тыңдаушыларға  аурудың  клиникалық белгілері, туындау себебі, ауруға күмәнданған жағдайда  дереу  дәрігерге көріну, жеке гигиенаның маңыздылығы және негізгі алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, келген қатысушылардың қан қысып өлшеп, тиісті кеңестерін берді.

Айта кету керек, «Болашақ» университеті облыстық жастар денсаулығы орталығымен «Салауатты университет» бойынша бірлескен жұмыстар атқарады және алдағы уақытта сол бағдарлама аясында бір қатар шаралар жүзеге асырады.