Ұлы тұлға - Олжас Омарұлымен кездесу!

Енгізілді: 20.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2052 рет

       2020 жылдың 14 ақпан күні ширек ғасырға жуық тарихы бар Сыр елінің білім мен ғылым ордасы «Болашақ» университеті мен колледждері жастарымен және профессор-оқытушылар қауымымен кездесуге Қазақстанның халық жазушысы, «ХХ ғасыр адамы» атағының иегері, Халықаралық «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыс президенті, ҚР-ның ЮНЕСКО жанындағы Елшісі, тұрақты өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері Сүлейменов Олжас Омарұлы келді.

«Болашақ» білім беру ордасының «Мәртебелі мейман» жобасы аясында Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани қалыптасу, даму тарихы жолындағы еңбегі сіңген танымал тұлғалармен кездесу жүйелі түрде ұйымдастырылып отырады. Аталған жоба аясында ұйымдастырылған кездесу барысында жастар мен жазушы арасында қызықты диалог орнады. Оқу ордасының білімгерлері  Олжас Омарұлының шығармашылығы мен өмір жолына қатысты өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Сондай-ақ, ақын «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдық мерекелік медалімен унверситет ұжымын және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалия Әлібекованы марапаттады.

Кездесудің соңында университет ғылыми кеңесі шешімімен ғалым, ұстаз, саясаткер, Қазақстанның Еңбек Еріне Сүлейменов Олжас Омарұлына «Болашақ» университетінің құрметті профессоры атағы берілді.