'ВILIM BOOK' ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Енгізілді: 20.02.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 1763 рет

         Вilim Book, әмбебап білім беру платформасы, осы ғасырдың даму сатысында жеткен жетістіктерінің бірі. Бұл мүмкіндіктің бізде, яғни ''Болашақ'' университетінде де болғанына қуаныштымыз. Бүгін осы Bilim book пен таныстыру семинары жүргізіліп, қолдану жүйесі түсіндірілді. Bilim Book трансформаторы компьютерінің құрамына 40 мыңнан астам интерактивті сабақ, миллионнан астам бейне анимация, 30 мыңнан астам тест сұрақтары кіреді.Bilimbook-те қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі төрт білім беру қоры бар - BilimLand, ҰБТ мен KTA iTest-ке дайындалуға арналған виртуалды тренажер, Twig-Bilim бір жарым мыңнан астам қызықты оқу фильмдер жиынтығы қамтылған. ''Болашақ'' университетінің оқытушылары үшін Bilimbook инновациялық педагогикалық технологияларды, әдістер мен үлгілерді оқу үрдісіне енгізу құралына айналатынына сенімдіміз.