«ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС!» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Енгізілді: 02.03.2020Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2061 рет

   Адамзат тарихында дүниені дүр сілкіндірген, әлемді таң қалдырған талай оқиғалар өтті. Бірақ солардың ішінде қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған Ұлы Отан соғысындағы теңдесі жоқ жеңістің орны бір бөлек.      

Осыған орай Ұлы Отан соғысының 75 – жылдығына арналған «Болашақ» университетінің амфитеатрында «ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС!» тақырыбындағы мерекелік  тәрбие сағаты өтті. Шараны «Экономика, аудит, бизнес және басқару» кафедрасы  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1-2 курс студенттері ұйымдастырды. Мақсаты – Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы кең мағлұмат беру. Жастардың Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту. Тәрбие сағаты барысында студенттер батыр бабаларымызға арналып шығарылған жыр жолдарын жолдап, жеңіс әнін шырқап бейбіт елдің жастары екендіктерін мақтанышпен жеткізді.